Сказка о маленьком еноте английского автора Л. Мурр. в переводе на казахском языке.
– Бүгiн сенiң туған күнiң, – дедi мамасы кiшкентай жанатқа, – ендi сен үлкенсiң.
– Онда орманға барып, өлең шөп әкелуге бола ма?
– Әрине, болады.
Кiшкентай жанат орманға келе жатты. Оны маймыл көрдi.
– Сен қайда бара жатырсың?
– Мен тоғанға өлең шөпке бара жатырмын.
– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпайсың ба?
– Қорықпаймын. Ол қорқынышты ма?
– Ия, қорқынышты. Мә, таяқты ал да, оны қорқыт.
Кiшкене жанат тоғанға келдi.
– Әй, тоғанда отырған, шық, – деп айқайлады
Бiрақ айнала тып-тыныш болды. Сонда кiшкене жанат суға қарады, судан оған бiреу қарады. Кiшкене жанат бетiн тыржыйттi. Тоғанда отырған да бетiн тыржыйттi. Кiшкене жанат таяқты көтердi. Ол да таяқты көтердi. Кiшкене жанат қатты қорқып кеттi. Ол үйге жүгердi.
– Мама, мен ешқашан өлең шөпке бармаймын. Тоғанда бiреу отыр, ол маған таяқты көтердi.
– Ұлым, сен тоғанға бар да, оған күлiмде.
Жанат солай iстедi. Тоғанда отырған бiреу де оған күлiмдедi. Кiшкене жанат қуанып кеттi, көп тәттi өлең шөп жинады.
– Сен тоғанда отырған нәрседен қорықпадың ба? – дедi маймыл.
– Жоқ, ол қорқынышты емес. Сен оған күлiмде, ол да саған күлiмдейдi, – дедi кiшкене жанат.
15.02.2021